эссе лтты код жне лтты тіл

Тіл — Ұлттық кодтың өзі

«Ымды түсінбеген – дымды түсінбейді» дегенді біз емес, осы кемеңгер елдің өзі айтқан. Бүгінде бұл тіркесті «тілді білмеген – дымды білмейді» деп түбегейлі өзгертпесек те, төтелеуге болатын сияқты. Ым арғы жағы, тіл бергі жағы емес пе? Тар мағынасында қарағанда, тіл – қарым-қатынас, байланыс құралы десек, үлкен мағынасында тіл деген – тұтастық, тіл – татулық пен туыстық, бірлік пен береке, тағысын тағы тарқатып айта берер едік.

эссе лтты код жне лтты тіл. Смотреть фото эссе лтты код жне лтты тіл. Смотреть картинку эссе лтты код жне лтты тіл. Картинка про эссе лтты код жне лтты тіл. Фото эссе лтты код жне лтты тіл

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады. Оның ішіндегі «Туған жер», «Жүз жаңа есім» сияқты әлеуметтік бағдарламалардан басқасының бәрі тілге қатысты. Қазақ тілін латын қарпімен таңбалау, «Ұлттық кодыңды» табу, яғни, рухани жаңғырудың басты өзегі – тіл деген сөз. «Рухани жаңғыру» да жаңару да тілден басталады деді Елбасы. Жазу-сызу, соған құрылған латын графикасы да соны төркіндеп тұрған жоқ па?

Біздің «Ұлттық код» дегеніміз – лиро-эпостық батырлар жырынан бастап, Асан қайғы мен Қазтуған, Бұқар жыраулар, Қазыбек, Төле, Әйтеке билер мен Абай, Мағжан, Қасымның айтқандары. Ал, ана тілін білмейтіндер мұндай алыптар сөзін қалай түсініп, зерделемекші? Ана тіліңді білмейді екенсің – «Ұлттық кодтың» ауылы алыс. Мешеу күйі қаласың. Өз ана тіліңде жазып-сызып, оқи алмасаң оған мүлде жолай алмайсың! Латын графикасына өтудің сыры – сонда. Өзіндік ерекшелігі бар дамыған қоғам құру үшін сол ұлттың тілі де ескі келеңсіздіктерден арылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы керек. Және өз тіліңді білу – аздық етеді. «Үш тұғырлы тіл» саясаты елімізде ертеден бар. Оны біздің «Ұлттық кодымызды» сақтаушылардың өзі ертеде айтып кеткен. Шәкерім Құдайбердіұлы бабамыз:

«Жасымнан жетік білдім

Сол тілге аударылған бүкіл

Басқа тілді білу – намыс емес, өзгенің артықшылығын алып, өркениетке жол ашу екенін сол кездің өзінде көрсетіп кетіпті. Сондықтан, тіл білгеннің артықшылығы көп.

Рухани жаңғыру – құр көз қылып, мәдени шара өткізу емес, санаға сілкініс жасап, рухани ізгілікке жол ашу екенін түсінгендерді көріп тұрғам жоқ, әзірге. Облыстық, республикалық деңгейде онсыз да өтіп жататын ағымдық дүниелердің бәрін осы «Рухани жаңғыру» аясына теліп жіберген – жалған ұран мен жаппай науқаншылдық емей не? Ал, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру тұрғысындағы нақты қадамдардың жөні бөлек. Алдағы уақытта ойдағыдай кезең-кезеңімен орындалып, жүзеге асып кетсе, жаңғырудың басты нәтижесін сонда көреміз. Іске сәт делік онда!

Источник

Тіл – халық қазынасы

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.

Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.

Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-ші бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

Мен еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін.

Источник

?аза? тілі- м?дениетті тіл.

Қазақ тілі- мәдениетті тіл.

Адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы- тіл.

Тіл қарым- қатынас құралы. Адам баласының ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.

«Өнер алды- қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі- тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтерімен шұбарланбауын талап ету керек.

«Ана тілін жақсы білу- әркімнің азаматтық борышы.»

Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуы мен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты.

Ұлттың өмір сүру кепілі- ұлттық тіл. Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Ұлттық тіл- қа-зақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу-дің қасиетті құралы.

Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күші-не тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.

Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

Қазіргі заманымызда бізге қойылған басты талаптардың бірі- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез- келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеп шығару.

Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, қорғауға міндетті.

Источник

Саба?ты? ма?саты:

Саба?ты? т?рі: ?орытынды

Саба?ты? к?рнекіліктері: интербелсенді та?та, суреттер, кітаптар.

Саба?ты? барысы:

Психологиялы? дайынды?:

Тренинг т?рінде (жа?сы к??іл-к?й сыйлау)

А? пейілді тілекпен,

О?ушылармен амандасу. О?ушылар?а саба?та табыс тілеу.

II. Негізгі б?лім.

А) Бірінші м??алім о?иды.

?). С?здікпен танысу, с?здіккежазу.

Ашы? т?сті – светлых тонов

Біркиер – одежда на выход

Б) Т?сіндірме с?здік.

С?укеле-свадебный головной убор девушки

Кимешек –головной убор замужней женщины

М?сі – мягкие сапоги

Ішік- верхняя одежда,сшитая мехом вовнутрь и сверху покрытая тканью

Кебіс – надевают на м?сі,похожие на туфли на толстой подошве.

В) М?тінді орыс тіліне аудару.

-Етістік дегеніміз не?

-Етістікті? ма?ыналы? ерекше т?рлерін ата?дар.

-Есімше дегеніміз не?

1.Киінгендер бірден дала?а шы?ып кетті.(бастауыш)

2. Айдана тіккендерін анасына к?рсетті.(толы?тауыш)

4. Мен ол айт?аннан кейін келдім.(пысы?тауыш)

С?йлемге морфологиялы? талдау жаса?дар.

2. Ерлерді? бас киімі?

4. «Тюбетейка» с?зіні? аудармасы.

5. Кимешекті кімдер киген?

7. Берілген с?йлемнен есімшені тап:

Б?йгеден шы?ып, ж?лде ал?ан.

8. Ая? миімге т?ріне жататын с?зді тап.

Лексикалық тақырып: Қазақтың ұлттық ерлер және әйелдер киімі

Грамматикалық тақырып: Есімше

Білімділік: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту;

Дамытушылық: Сауатты жазуға, сөйлеуге, өз дігінше жұмыс істеуге баулу,сөздік қорын молайту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру;

Тәрбиелік мәні: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі және әдебиеті, тарихы, салт- дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, суреттер, кітаптар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Тренинг түрінде (жақсы көңіл-күй сыйлау)

Ақ пейілді тілекпен,

Бір жадырап қалайық!

Оқушылармен амандасу. Оқушыларға сабақта табыс тілеу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Иә, бүгін ауа райы суық, ал ауа райы құбылмалы екенін біз жақсы білеміз. Бірде жылы, бірде суық, жаңбырлы, боранды болады. Адамдар ауа райы ерекшеліктеріне бейімдеп өздеріне киім-кешек тіккен. Қазір біз киімдер туралы бейнекөрініс тамашалаймыз.(ұлттық киімдер туралы бейнекөріністен үзінді)

Балалар, бейнекөрініс не туралы? Дұрыс,қазақтың ұлттық киімдері туралы. Сіздер де бүгін ұлттық киім киіп келдіңіздер. Ендеше, дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазыңыздар. Бүгінгі сабағымызда қазақ ұлттық киімдері туралы алған білімдерімізді сараптай отыра грамматика бойынша алған білімдерімізді әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қорытындылаймыз. Әлемдегі барлық ұлт секілді атам қазақ та ежелден өзіндік киімдермен ерекшеленген.Қазакы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.Ол біздің ұлттық мәдениетіміз.

Үйге берілген тапсырма бойынша біз ерлер және әйелдер ұлттық киімдері жайлы алған білімдерімізді ортаға саламыз. (Балаларға ұлттық ерлер және әйелдер киімдері туралы презентация жасауға берілген. Сол презентация оқушылардың назарына ұсынылады)

-Балалар, қазір ұлттық киімдер туралы білімдерімізді толықтыру мақсатында мәтінмен жұмыс істейміз.

А) Бірінші мұғалім оқиды.

Ә). Сөздікпен танысу, сөздікке жазу.

Ашық түсті – светлых тонов

Біркиер – одежда на выход

Б) Түсіндірме сөздік.

Сәукеле-свадебный головной убор девушки

Кимешек –головной убор замужней женщины

Мәсі – мягкие сапоги

Ішік- верхняя одежда,сшитая мехом вовнутрь и сверху покрытая тканью

Кебіс – надевают на мәсі,похожие на туфли на толстой подошве.

В) Мәтінді орыс тіліне аудару.

Г) Диалог құрастыру (жұптық жұмыс)

— Жылдар өте келе қазақ ұлттық киімдері тек тойларда, мерекелерде ғана киілсе де, еліміз тәуелсіздік алғалы қайта жаңғырып, ұлттық нақышта тігілген киімдерді сататын сауда орталықтары көптеп ашылуда.Сонымен қазақ ұлттық киімінің қазіргі жағдайы қандай екенін Толкачева Анастасия баяндап береді.(бейнетаспа, презентация)

Қорытынды: Қазақ ұлттық киімдер заманға сай өзгерді, бірақ өзінің мәртебесін жоғалтқан жоқ.

-Грамматикалық тақырыпты ашу үшін мәтінге тағы да назар аударайық. Қарамен берілген сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін айтып беріңіздер. Иә, етістік.

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің мағыналық ерекше түрлерін атаңдар.

-Есімше дегеніміз не?

-Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

-Есімше қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз.

Есімшенің сөйлемдегі қызметі:

1.Киінгендер бірден далаға шығып кетті.(бастауыш)

2. Айдана тіккендерін анасына көрсетті.(толықтауыш)

3. Келген қыз басына үкілі бөрік киіпті.(анықтауыш)

4. Мен ол айтқаннан кейін келдім.(пысықтауыш)

5. Ол ертең тойға ұлттық киім киіп бармақшы.(баяндауыш)

Қорытынды: Есімше барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.

Келген есімшесіне көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғаңдар.

Шапандарын сөзіне фонологиялық талдау жасаңдар.

Сабағымызды қорытындылау үшін тест тапсырмалары:

Қыз ұзатқанда киілетін бас киім?

2. Ерлердің бас киімі?

3. Есімшенің жұрнағы:

4. «Тюбетейка» сөзінің аудармасы.

5. Кимешекті кімдер киген?

6. Ерлер де, әйелдер де киетін бас киім?

7. Берілген сөйлемнен есімшені тап:

Бәйгеден шығып, жүлде алған.

8. Аяқ миімге түріне жататын сөзді тап.

Үйге тапсырма: «Қазақтың ұлттық киімдері» шағын эссе жазу.

Источник

ЭССЕ на тему «Қазақ тілі – күшті тіл»

Қазақ тілі – күшті тіл

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.

Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз.

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы назарларыңызға

“Қазақ тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!” атты әдістемелік құралды ұсынып отыр.

Құрал мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар исі қазаққа арналады.

қызмет етуінің алғы шарттары

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.

Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.

Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б.

Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

— түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;

— ежелден жазба мәдениеті бар тіл;

— әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;

— демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;

— құрылым-құрылысы кемелденген тіл;

— егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.

Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады.

Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы құрып, тамсана жазғандары мәлім.

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

Мелиоранский П.М. /1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды.

Ильинский Н.И. /1822-1892, Қазан университеті, профессор/. Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым.

Бенцинг И. /түркітанушы/. Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі.

Малов С.В. /орыс ғалымы/. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық.

Саади А. /татар ғалымы/. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Янушкевич А. /поляк журналисі/. Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.

Байтұрсынов А. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.

Әуезов М. Көген көз қазағыма қаратып мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық.

Оңдасынов Н. Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не бір алуа шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне. Осындай майда, сұлу тілді қалай өгейсуге болады.

Дулатов М. /“Қазақ тілінің мұңынан” үзінді/. “Мен заманында қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Осы жайларды сипаттайтын Орхон-Енисей жазулары былай сөйлейді: «Қытайдың тәтті сөзіне, асыл дүниеліктеріне алданып түркі халқы қырылдық, түркі халқы жойылдық!

Қытай қолында қандай ерлеріміз құл болып қалды. Біз қағаны бар халық едік. Қайда сол қағанымыз? Енді бұл қорлыққа шыдап отыра бергенше, өзімізді өзіміз құртайық, қырылайық!»

Мұстафин Ғ. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық.

Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады. Ендеше, соншалық қуатты да, киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайды.

Айтматов Ш. Қазіргі қазақ тілінен үйренеріміз көп. Мен өз басым жаңа шығарма жазар алдында қазақ әдебиетінің озық туындыларын үңіле оқимын, орайлы атауларды өз шығармаларымда пайдаланып отырамын. туыс тілдегі терминдер баламасын тартынбай кәдемізге асырсақ, қырғыз тіліне олжа саламыз.

Атап айтқанда, жылқы, түйе, сиыр, қойға қатысты неше түрлі сөздерді тізіп шыққаннан кейін тыңдаушыларға жымия бір қарап қойып, “ал, енді бүркітке келейік” деймін. Онсыз да бағанадан бері жағасын ұстауға әзер отырған кісілер: “Бүркіт. Ол не тағы?!” деп таңданысады.

Әрине, менің де аңшылық-саятшылықтан білетінім жоқтың қасы. Көбі кітаптан оқып-тоқығаныма негізделген. Бәрінен бұрын баяғы бала кезімде ауылдасым марқұм Әбілмәжін шалдың бүркітті қалай ұстап, баулығанын көрген едім. Сол кезден бүркіт пен бүркітшіге байланысты біраз қазақ сөздері жадымда қалған: мәселен, балапан құс, тірнек, тас түлек, мұзбалақ, көк түбіт, томаға, тұғыр, қан соқта т.с.с. Ал осы сөздердің көбінің баламасын орыс және неміс тілдерінде қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таба алмайсыз. Соған көзі жеткенде, әлгі таныстарым: “Ах, зоо! Вундербар!” немесе “Смотри-ка! Поразительно!” – дейді. Мағынасы қазекемнің “апырай, а!” дегеніне пара-пар.

Момышұлы Б. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқындалған.

Момышұлы Б. Қазақ тілі түрлі тілдердің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері.

Бақытжан Момышұлы. Бала кезімде, кейін есейе бастағанымда, менің жанымда шешем мен әкем болды, бірақ тіпті екеуінің көзі тірісінде-ақ өзімді жетім сезіне бастадым. Мен жай жетім болып қалғаным жоқ, ана тілін білмейтін, тілсіз кеңістікте қолдан жасалған мылқау күйге түстім. Сөйтіп, әке-шешем шыққан халыққа бөтен саналдым, одан тым алыстап кеттім. Ал өзім баруға талпынған халық мені өзінің туғаны ретінде қабылдай алмады, одан да шеттеп қалдым.

Мен қаладағы асфальт жолдың баласымын. Егер өзімді тағы да ағашпен салыстырар болсам, арықтың жағасында бетондалып тасталған ағаш тәріздімін. Тап жанымнан сылдырлап су ағып жатыр, әттең, одан қанып іше алмаймын. Ана тілім мен мәдениеттің, ұлттық салт-дәстүрдің, терме-айтыстың дәл қасында тұрсам да шөлімді баса алмаймын. Өйткені біздер – тілсіз жетімдер едік.

Бірде көшеде мені кеудесі орден-медальға толы ақ шашты ардагер тоқтатып, әскери қалашыққа қалай баруға болатынын сұрады. Мен орысша жауап бере бастап едім, сөзімді кілт бөліп, мені тыңдағысы келмейтінін айтты. Мен ренжіп қалып едім, ол зірк ете түсті:

— Әке-шешесін қорлаған, тілсіз жетімек.

Осы бір көшедегі әңгімеден кейін мен өзімді екі дүниенің ортасында ұшып-қонып жүрген тұрақсыз пенде ретінде сезіне бастадым. Сол күннен бастап өз ұлтымның мен үшін сөніп-өшуге айналған халықтың асыл көздеріне оралудың ауыр жолы басталды. Тілді меңгерумен бірге маған қазақ даласының бояуы, туған жердің әуені, өлең-жыры, қазақ әйелінің әдемілігі бірте-бірте буалдыр сағымдай орала берді.

Ең бастысы, өзімді жетім санамайтындай халге жеттім. Қазақстанның кез келген түкпірінде мені бөтен санамайтын болды. Өз халқыммен әрбір жаңадан қауышқан, жүздескен, сырласқан сәттерімде, бұдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын көшеде бақытыма кездескен майдангер ағаға рахмет айтам. Кім біледі, бәлкім, ол кісі болмағанда, әлі неше жыл адасарымды.

Міне, қазір де арамызда мен сияқты адасып жүрген балалар болса, жоғарыда баяндалған жай сабақ болар деген ойдамын

ҚАСИЕТ ПЕН ҚҰТ ДАРЫТҚАН

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ана тілін білмейтін адам – бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.

Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.

Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді.

Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.

Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.

Тіл – ұлттың жан дүниесі.

Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *